Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі ай бұрын көз жұмған әйел ғажайыптың күшімен ұл баланы дүниеге әкелді

Опубликовано:

26 жастағы португалиялық келіншек Катарина Секейр 1,7 келі болатын Сальвадор есімді ұл баланы дүниеге әкелген. Ең қызығы, сәбидің анасы екі ай бұрын көз жұмған деп хабарлайды The Sun басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: thesun.co.uk
Фото: thesun.co.uk: Facebook

Келіншектің ауыр демікпесі ұстағанда ол жүктіліктің 19-аптасында болған.

Әйел адам алғашында ауруханаға жатқызылып, кейіннен комаға түсіп қалыпты. 26 желтоқсанда медициналық қызметкерлер оның өлімін тіркеген екен.

Алайда, дәрігерлер баланың өмірге келуі үшін Катаринаның денесін қажетті құрылғыдан ажыратпаған.

32-ші аптада жағдай қиындап, ақ халаттылар кесір тілігін жасауға мәжбүр болыпты. Ал бірнеше сағаттан кейін құрылғы өшірілген.

Сальвадор өмірге 1,7 келі болып келген. Енді ол әкесімен бірге тұратын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1786233-eki-aj-bryn-kz-zmgan-jel-gazajypty-ksimen-l-balany-dniege-keldi/

pixel