RU
Киевте дауыс беруге келген аяғы ауыр келіншек босанып қалды

Киевте дауыс беруге келген аяғы ауыр келіншек босанып қалды

Рассказать Вконтакте

Украина президентін сайлау кезінде Киевтегі сайлау учаскісінің бірінде әйел адам босанып қалған хабарлайды unian.net сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Киевте аяғы ауыр келіншек Украина президентін сайлау кезінде босанды

Фото: УНИАН

Подольдегі сайлау учаскісінде әйел адам қыз баланы өмір әкелген.

Бұл туралы журналист Рена Назарова Facebook парақшасында жазды.

"Жағымды жаңалықтардан: осыдан бір сағат бұрын Подольдегі перзентханада орналасқан учаскіде қыз бала дүниге келді", - деп жазды ол.

Журналистің айтуынша әйел кандитаттардың біріне дауыс беріп, өзінің азаматтық парызын өтеп үлгерген.

Еске сала кетсек, 31 наурыз күні Украинада президенті сайлауының алғашқы туры өтті.

Қазіргі кезде бюллетендерді санау жүргізілуде. Әзірге бірінші орында 30,7% дауыс жинаған шоумен Владимир Зеленский тұр.

Ал қазіргі мемлекет басшысы Петр Порошенко 16,78% дауыспен екінші орынға ал, Юлия Тимошенко - 13,28% дауыспен үшінші орынға жайғасқан.

Төртінші орында 11,36% дауыс жинаған Юрий Бойко.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel