Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салтанат Бақаева бір жасқа толған ұлының тұсаукесер тойын жасады (фото, видео)

Опубликовано:

Салтанат Бақаева бір жасқа толған кенже ұлының тұсауын кестіріп, той жасады. Бұл жайында әншінің отбасылық досы әрі әріптесі Нұржан Керменбаев айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші ұлының тұсауын Арман Дүйсеновке кестірген. Бұл туралы композитор өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Бүгін айналайын әнші, актриса қарындасым, Бақаева Салтанат пен бауырым Нұржанның Айтөре деген батырының тұсауын кесу бұйырды! Ырымдап жолды маған ұсынған екен, бұрын ата әжелерден көргенімді, білгенімді мейлінше дұрыс жасауға тырыстым! Айтөре үлкен жігіт болсын", - деп жазды Арман Дүйсенов.

Айта кетейік, 2018 жылдың наурызында Салтанат Бақаева үшінші рет ана атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1786250-saltanat-bakaeva-bir-zaska-tolgan-lyny-tsaukeser-tojyn-zasady-foto-video/

pixel