Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорданың элиталы көпқабатты үйлердің астарлы көріністері жаға ұстатты (фото)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкері элиталық тұрғын үйлердің құпияларын жариялады. Ол күнделікті өмірден алынған жайттарды суретке түсіріп, оны әлеуметтік желіде көрсеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елорданың элиталы көпқабатты үйлердің астарлы көріністері жаға ұстатты (фото)
Фото:instagram.com/assetbegaliyev Коллаж:KAZ.NUR.KZ: Facebook

Кәсіпкер Әсет Бегалиев клининг қызметтерін көрсетумен айналысады. Сондықтан да элиталық үйлердің екінің біріне кіруге рұқсат етілмейтін жерлеріне кіре алады.

Ол мамандардың жіберген олқылықтарын суретке түсіріп, кей тұрғындардың мәдениетсіз әрекеттерін де сынға алады.

Мысалы, кәсіпкер ұсынған суреттердің бірінде ол ортақ балкондағы күйеден қарайған еденін көруге болады.

"Суреттен не көріп тұрсыздар? Зең басқанға ұқсайды, иә? Бірақ бұл балконда шылым шеккендердің түкіріктерінің ізі. Неге қара дейсіздер ме? Себебі күйе аралас.
Нұр-Сұлтан тұрғындары қыс бойы жерге түкіреді. Күйемен араласқан түкірік жерде қатып, осындай көрініс пайда болады", - деп жазған елорда тұрғыны.

Кәсіпкер жұмыстарын тиянақты атқармайтын құрылысшыларды да сынға алған.

Мысалы, VIP тұрғын үйдің паркингінде суға толған үлдірді көруге болады. Оған қарасаң қазір жарылатын сынды.

"Ірі құрылыс компорациясы болып, әйнек пен тастан әдемі көпқабатты үйлер тұрғызуың мүмкін. Көпжылдық еңбек өтілің болып, инженер мен құрылысшылардың білікті командасы бар болуы мүмкін. Кезекті мега жобаның тағдырын шешетін адамдармен араласуың мүмкін.
Бірақ сапалы тұрғын үй тұрғызуды еш үйренбепсің. Немесе миллиардтар табамын деп сапасыз үй тұрғызасың", - деп жазды кәсіпкер.

Нұр-Сұлтан тұрғын үйлерінде төбеден аққан сумен қалай күресіп жүргені де видеода көрсетілген. Суды жинау үшін қойылған шелектер мен басқа да ыдыстар қойылған.

Кейбір коммуналдық қызметкерлердің тапқырлығы да сынға алынды. Жертөлелерде сантехниктер қателерін жасыру үшін қолда бар құралдардың көмегіне жүгінетіндіктері де кәсіпкердің мысқыл тақырыбына айналған.

"Мұндай тапқырлыққа Илон Масктың өзі қызыға қарайтын еді. Бұл бірнеше атмосфералық қысымды ұстап тұра алатын "нано-чопик". Жақын маңдағы кез келген үйдің жертөлесіне түссеңіз, осындай көріністің куәсі болуыңыздың мүмкіндігі 80 пайыз ", -деп жазды Әсет Бегалиев.

Ер адам әзірге тұрғындар да, басқарушы компания да, қала билігі де Қазақстан астанасын өзінің жоғары мәртебесіне сай етуге әзір емес екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786253-elordany-elitaly-kpkabatty-jlerdi-astarly-krinisteri-zaga-statty-foto/

pixel