RU
Қазақстанда жаппай декларациялаудың мерзімін ауыстыру ұсынылды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстанда жаппай декларациялаудың мерзімін ауыстыру ұсынылды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда жаппай декларациялау 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізіледі деп хабарлайды Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: spmag.ru

Көрнекі фото: spmag.ru

Бұған дейін республикада 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау жүзеге асырылатыны айтылған. Енді қазақстандықтар үшін есептілікті кезең-кезеңмен енгізу туралы сөз болып отыр.

Ведомствоның ақпараты бойынша, қазіргі уақытта заңнамалық базаны, ақпараттық жүйелерді дайындау, уәкілетті органдардың деректер базасын өзектендіру, сондай-ақ өңірлерде тестілеу жүргізілуде.

Министрлікте хабарлағандай, Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы пилоттық іске қосу жою үшін біршама уақытты талап ететін мәселелерді анықтады.

Осыған байланысты, Қаржы министрлігі үкіметке жаппай декларациялауға кезең-кезеңімен көшуді ұсынды.

Мәселен, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап (1-кезең) есептерді мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген басқа да қызметкерлер мен олардың жұбайлары ұсына бастайды.

2-кезеңде – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік кәсіпорындарда (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. саласын қоса алғанда) еңбек ететіндер және олардың жұбайлары.

3-кезеңде-2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, олардың жұбайлары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары.

4- кезеңде-2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары.

Министрлікте атап өткендей, әрбір кезеңнің қорытындылары талданып, проблемалық мәселелер анықталып, заңнаманы, методология мен ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданатын болады.

"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы заңнамасына жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңмен енгізу бойынша түзетулер дайындалуда. Олар белгіленген тәртіппен парламенттің қарауына енгізіледі", - деп қорытындылады Қаржы министрлігінде.
Сіздің реакцияңыз
7
0
3
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel