Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақша табу үшін қыз ұзатқан Айдар Тұрғанбек қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын арнайы ән жаздырып, қыз ұзатқан "Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғанбек елдің сынына жауап берді. Әнші "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасында ұзатуға табыс көзі ретінде қарайтынын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдар Тұрғанбек. Фото: Әншінің жеке парақшасынан, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Айдар Тұрғанбек. Фото: Әншінің жеке парақшасынан, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram
"Шынына келетін болсақ, табыс көзі деп қарадым. Өтірік айтпай-ақ қояйын иә? Бір шетінен бұл бұрыннан келе жатқан ойым болатын. Топта "Қарындасыма" деген ән жазсақ деп. Бірақ сәті түспеді. Содан мына әнді маған ұсынғаннан кейін, бірден қабылдап, әнді жазып кеттім.
Аллаға шүкір, барлық қазақ қарындастарымның көңілінен шығып жатыр. Көптеген тойларға шақырып жатыр. Қолдан келгенше айтып беріп жатырмын", - деді Айдар Тұрғанбек.

Естеріңізге сала кетейік, Айдар Тұрғанбектің әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1786267-aksa-tabu-sin-kyz-zatkan-ajdar-trganbek-kyzu-talkyga-tsti-video/

pixel