RU
Баландиннің айнасын ұрлаған күдікті камераға түсіп қалған
Жаңалықтар Қоғам

Баландиннің айнасын ұрлаған күдікті камераға түсіп қалған

Рассказать Вконтакте

Алматы полицейлері Дмитрий Баландин көлігінің айналарын ұрлаған тұлғаны анықтады. Күдікті бақылау камераларына түсіп қалған деп хабарлайды оңтүстік астананың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматыдаға баспасөз-конференциясында ІІМ-нің орынбасары Юрий Ильин Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінен айна ұрланғанын растады.

"Дмитрий Баландин көлігінен айна ұрлану фактісі тіркелді. Қазір тергеу-іздестіру шаралар жүргізілуде. Бақылау камералары аталмыш қылмысты тіркеп алған", - деп мәлімдеді Юрий Ильин.

Алматы қалалық ПД Қылмыстық кодекстің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Қалалық қылмыстық полиция қызметкерлерінің атсалысуымен қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстары мен арнайы шаралар жүргізіліп жатыр.

Бақылау камераларының мәліметтеріне талдама жасалды.

"Күдіктінің тұлғасы анықталды. Оны құрықтауға біраз уақыт қажет. Қазір жедел іздестіру қызметкерлері ұрланған айналарды табу және тәркілеу жұмыстарын атқаруда. Осы орайда ұрланған мүлік сатылуы мүмкін орындар тексерілуде", - деп мәлімдеді ПД-нің баспасөз қызметі.

Қылмыстық полиция басқармасының мәліметінше, сол түні күдікті аталған қылмыс орнынан "Ренж Ровер" көлігінің айнасын ұрлаған.

Еске сала кетейік, спортшы Дмитрий Баландин марқұм Денис Тенге шабуыл жасалған маңда көлігінің айнасы ұрланғанын хабарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз
9
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel