RU
Төреғалидің анасы жақында босанған келініне ота жасалғанын айтты

Төреғалидің анасы жақында босанған келініне ота жасалғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана ұлды болған Төреғали Төреәлінің анасы келіні Толқынға 20 минуттың ішінде ота жасалғанын айтты. Бұл туралы ол "Айта берсін" бағдарламасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ 31 арна

Фото: Видеодан кадр/ 31 арна

Төренұр есімді шекесі торсықтай ұлды перзентханадан шығаруға келген Төреғалидің анасы қатты қуанып тұрғанын, тіпті, шаттықтан әлі аспанда қалықтап жүргенін айтты.

Оның сөзінше, Төреғали ұлы дүниеге келер кезде ән сапарда жүрген екен.

"Төренұрды босанар кезде іс-сапарда жүрді. Қуанышты хабарды телефон арқылы жеткіздім. Жүрегі жарылып, кереметтей сезімде болды. Әлі күнге дейін басылар емес", - деді ол.

Оған қоса, әншінің анасы келіні Толқынға жасалған ота туралы да сөз етті.

"Осы босанған кезде бәрі аяқ астынан болды. Ота жасалды. 20 минуттың ішінде ота жасалатын болған соң қасында бола алмай қалдық. Кезекті көрінуге келген кезде дереу жату керек деп айтты. Негізі, сәуірдің аяғына қарай босануы керек еді, мерзімінен бұрын, төртінші наурызда босанды. Бірақ, салмағы екі келі болып туды. Дәрігерлер де қуанды. Денсаулығында да ақау жоқ", - деді ол.

Айта кетейік, Төрағали Төреәлі 4 наурыз күні ұлды болды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
22
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel