RU
Әсет Мағауов энергетика вице-министрі қызметіне қайтып келді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Әсет Мағауов энергетика вице-министрі қызметіне қайтып келді

Рассказать Вконтакте

Үкіметтің қаулысымен Әсет Мағауов Қазақстанның энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әсет Мағауов, фото: primeminister.kz

Әсет Мағауов, фото: primeminister.kz

Қазақстан үкіметінің қаулысымен Әсет Мағауов энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Ал Б. Ақшолақов өтініші бойынша лауазымынан босатылды.

Әсет Маратұлы 1972 жылы Атырау облысының Құлсары ауылында дүниеге келген.

И. Губкин атындағы Мәскеу мұнай химиясы және газ өнеркәсібі институтын бітірген, Халықаралық валюта қорында және Азия даму банкінде тағылымдамадан өткен.

Ол еңбек жолын 1994 жылы бастаған.

Әртүрлі жылдары "Теңізмұнайгаз" АҚ, "Қазақойл" ЖАҚ, "Мұнай және газ тасымалдау" ҰК АҚ, "ҚазМұнайГаз" АҚ, "Теңізшевройл" ЖШС, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ жұмыс істеген.

2008-2010 жылдары - Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар вице-министрі, 2010-2011 жылдары - Қазақстанның мұнай және газ вице-министрі.

2017 жылдың желтоқсаннан бастап KAZENERGY қауымдастығының бас директоры лауазымын атқарған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel