RU
"Тазамын": Атышулы Замира бірінші күйеуінің ескі досына тұрмысқа шыққан
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Тазамын": Атышулы Замира бірінші күйеуінің ескі досына тұрмысқа шыққан

Рассказать Вконтакте

"Қалаулым" бағдарламасының бұрынғы қатысушысы Замира Сұлтан тұрмысқа шыққанын мәлім етті. Атышулы ару бірінші күйеуінің ескі досымен азаматтық некеде екенін жасырмай айтып берді деп жазады Ernur.kz.

Келіншектің айтуынша, ол заңды некеге тұруға асықпайды.

"Мен қазір тұрмыстамын. Күйеуім - ұлы жүзден, руы - дулат. Менен екі жас үлкен. Үйленіп, ажырасқан. Балалары жоқ. Бұрынғы әйелімен де азаматтық некеде тұрған. Ол әйелге де анасы қарсы болған. Негізі, қарапайым жан.

Бірақ, мен азаматтық некеде тұрамын. Заңды некеге тұруға асықпаймын. Екеуміз бір-бірімізді қатты жақсы көріп қалдық. Енді Рамазан айына дейін некемізді қидыру ойымызда бар. Ары қарай заңды неке туралы ойланып көреміз.

Бұрынғы күйеуіммен анда-санда хабарласып тұратынбыз. Қазір араласпаймыз. Негізі бұрынғы күйеуім мен қазіргісі екеуі ескі достар. Ортақ таныстары да көп.

Ал балаларыммен телефон арқылы сөйлесеміз. Үйге келіп тұрады", - деді Замира Сұлтан.

Сондай-ақ, атышулы келіншек азаматтық неке жайлы шешімді күйеуі екеуі бірге қабылдағанын жеткізді.

"Тек жолдасымның емес, екеуміздің ортақ шешіміміз. Кейбіреулер азаматтық некені күнә деп жатады, қазақтарға жат нәрсе деп... Дәл осылай айтқан адамдарға қарсы айтар пікірім бар.

Мен бірінші рет тұрмыс құрып жатқан жоқпын, пәк қыз емеспін ғой. Бірінші отбасымдағы жағдайларды тағы да қайталамас үшін осылай жасаймын. Балалы болмай тұрып, бір-бірімізді біліп алғанымыз дұрыс деп шештім.

Мен жұрт ойлағандай күнә жасап жүрген жоқпын. Азаматтық некеде тұрмасам егерде, сыртта басқа еркекпен төсектес болып жүрер едім, мысалы.

Жігітті ауыстырып, басқалар ұқсап әркіммен төсектес болып, былғанып жүрген жоқпын. Басқа адамдарға қарағанда "мен тазамын" деп айта аламын. Өйткені мен бір-ақ адаммен жатамын", - деп ағынан жарылды ол.
Сіздің реакцияңыз
57
3
3
2
1
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel