Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қартайса да жастарды шаң қаптыратын блогер әжейлер әлем назарын аударды

Опубликовано:

Бұл қарт әжейлер 60-тан асқан шағында белсенді өмір салтын ұстанып келеді. Олар ашық түсті киім киіп, шығармашылықпен айналысады. Блогер қариялардың instagram парақшасында бірнеше миллион оқырмандары бар деп хабарлайды msn.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

60-тан асқан блогерлер жұрттың таңдайын қақтырды
Фото: instagram: UGC

Бадди Винкл

Баддидің instagram парақшасында бүгінгі таңда 3,8 млн оқырман бар. Ол ашық түсті киімдер кигенді ұнатады.

Өзіндік ерекше стилі бар блогер әжей көпшіліктің сүйіктісіне айналды. Ол жуырда өзінің 90 жас мерейтойын атап өтті.

Линда Родин

Ол әйгілі америкалық Harper's Bazaar журналының бұрынғы редакторы, стилисі.

66 жастағы блогер сәнді фотосессияларға түсіп, әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді түрде жүргізеді.

Айрис Апфель

Дәл қазір оның instagram парақшасында 1,2 млн оқырман бар. Ол - киім мен интерьер дизайнері. Блогер былтыр журналдар үшін суретке түсіп, өз кітаптарын шығарады.

Дафна Селф

90 жастағы сәнқой жылтыр бетті журналдардың мұқабаларына жиі шығады.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында пайдалы кеңестер беріп, сәнді образдарымен бөлісіп отырады.

Беатрис Ост

78 жастағы танымал блогер шашын көк түске, ал ернін шарап түстес реңкке бояп, көлемді аксессуарлар таққанды ұнатады.

"Көптеген стилистер менімен ақылдасады. Мен 40-шы жылғы стильді ұнатамын. Себебі мен сол заманда өмір сүрдім", - дейді сәнқой Voque журналына берген сұқбатында.

Лин Слейтар

Нью-Йорктық профессордың жасы 65-те. Ол егде жастағы әйелдерге арналған қызықты журнал таппағандықтан өзі іnstagram парақшасында блог жазып бастаған.

Бүгінгі таңда оның парақшасына жарты миллионнан астам адам жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1786365-kartajsa-da-zastardy-sa-kaptyratyn-bloger-zejler-lem-nazaryn-audardy/

pixel