Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада апатқа ұшыраған тікұшақтың қара жәшігі табылды

Опубликовано:

Қазақстанның қарулы күштері әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында МИ-8 тікұшағының қара жәшігі табылғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: kp.ru
Көрнекі фото: kp.ru: Twitter
"Қара жәшік табылды. Ол мемлекеттік комиссияның өкілдерінде, онда бізге қолжетімділік жоқ. Ақпарат тек басты әскери прокуратура, әскери-тергеу бөлімі мен ұшу қауіпсіздігін қадағалаудың басты бөліміне тиесілі", - деді Қосанов.

Ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында МИ-8 тікұшағы құлауының болжалды себептерін айтты.

"Армия авиациясының тікұшақтары үшін 200 метрден төмен биіктік болғанда қиын болады. Қызылордадан Шымкентке дейін төменгі шекара биіктігі 390-600 метрді құрады, бұл олар үшін қиын жағдай емес", - деді Қосанов.

Қолбасшы тікұшақта тәжірибелі екі ұшқыш болғанын алға тартты. 

"Олар екінші санатты тәжірибелі ұшқыш, сол себепті олардың өз құрамы бар еді. Әрқайсысының үш адамнан тұратын ұшқыштары болды. Олар үшінші санаттағы ұшқыштар. Екі санатты ұшқыш өзге жас капитандардан нашар ұшады деп ойламаймын", - деді Дәурен Қосанов.

Әзірге тікұшақтың не себепті құлағаны белгісіз. Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.

28 наурызда, Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, тікұшақта болған 13 адамның барлығы қаза тапқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786373-kyzylordada-apatka-syragan-tiksakty-kara-zsigi-tabyldy/

pixel