RU
Ақтөбе халқы мен әскерилер майор Данияр Қоңырбаймен қоштасты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбе халқы мен әскерилер майор Данияр Қоңырбаймен қоштасты (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қаракөл ауылының халқы тікұшақ апатынан қаза болған жерлестерін ақтық сапарға шығарып салды. Данияр Қоңырбайдың жерлеу рәсіміне Қорғаныс министрінің генералы, ұшқыштар институтының басшысы, облыстағы әскери басқарманың басшылары мен жергілікті әкімдер қатысты деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

сссссс

Фото: KAZ.NUR.KZ

33 жастағы майорды жерлеу рәсімі кезінде әскери жасақ оркестрі еліміздің әнұранын ойнады. Қабір басында жауынгердің әріптестері марқұммен салтанатты түрде қоштасты.

Мәйіттің бетін жапқан Қазақстан туы қаза болған әскери қызметкердің әкесіне табысталды. Баласының мәйітінің қасында тұрып туды алған Даниярдың әкесі еңсесін көтере алған жоқ.

сссссс

Фото: KAZ.NUR.KZ

Шағын ауылда әскери жасақтың қатысуымен шығарып салу митингі ұйымдастырылды.

Ұлымен қимай қоштасқан анасы баласының жәннатқа баруын тіледі.

«Разымын, саған ақ ботам, разымын саған. Жәннаттық бол. Есеңгіреп қалдық қой. Кеше көрген балам табытпен келеді деп ойладық па?! Ақ ботам-ау, балаларыңның қызығын да көрмей кеттің. Қолғанатым едің, бұлай жылатқаның қалай? «Мама, ертең Мәскеуге барып оқып келемін» деп жүргеніңде сенен айрылып қаламын деп ойладым ба? Қош бол, балам, разымын саған», - деді алып бара жатқан мәйіттің артынан марқұмның анасы Баян Дәулетова.
сссссс

Фото: KAZ.NUR.KZ

Ауылда өткен митингке әскери қызметкердің үш баласы да келді. Жиналғандар көз жасын тоқтата алмаған марқұмның жесірі мен «әке» деп жылаған ұлы мен қызын жұбатар сөз таппады.

сссссс

Фото: KAZ.NUR.KZ

«Даниярды соңғы сапарға шығарып салып тұрмыз. Отан алдында борышын өтеп жүрген азаматтардың қазасы елдің қабырғасын қайыстырды.
Алдағы уақытта елімізде бейбітшілік, әр отбасында амандық болсын. Даниярдың жатар жері жайлы, топырағы торқалы, иманы жолдас болсын. Қош, Данияр»,- деді алыс ауылға арнайы барған облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин.
сссссс

Фото: KAZ.NUR.KZ

Естеріңізге сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында әскери тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.

28 наурыз күні Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, тікұшақта болған 13 адамның барлығы қаза тапқанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel