RU
Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісінде ресми парақшасын ашты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісінде ресми парақшасын ашты

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram əлеуметтік желіcінде ресми парақшасын ашты. Бұл туралы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиұлы Құрманғали мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым.
Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым", - деп жазды мемлекет басшысы Instagram парақшасындағы жазбасында.

Президенттің ресми парақшасы - @tokayev_online.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
4
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel