Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баландиннің көлігінен айна ұрланды: Күдіктен жауап алу сәті жарияланды

Опубликовано:

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрланған сәт камераға түсіп қалды. Сондай-ақ, күдіктіден жауап алып жатқан сәт түсірілген видео да пайда болды хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласының полиция департаментінің видеосынан кадр
Алматы қаласының полиция департаментінің видеосынан кадр: Twitter

Кадрдан ер адамның көлікке жақындап келіп, оң жақтағы айнаны шығарғанын, біршама уақыттан соң екінші айна үшін келгенін байқауға болады.

Видеода күдіктіден жауап алған сәт те көрініс тапқан. Қылмыскер кінәсін мойындап, күртешесі арқылы тығылады.

Полицияның сұрағанына күдікті бұрын сотталғанын айтып жауап берді.

"Ақша қажет болып, осындай қадамға бардым. Мен өзімнің қылмысымды мойындаймын", - деді ол.

Еске сала кетcек, спортшы Дмитрий Баландин марқұм Денис Тенге шабуыл жасалған маңда көлігінің айнасы ұрланғанын хабарлаған еді.

Бұзақының ұрлығы бақылау камерасына түсіп қалды.

Кейінірек, олимпиада чемпионының көлігінің айнасын қолды қылған күдікті ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786403-balandinni-kliginen-ajna-rlandy-kdikten-zauap-alu-sti-zarialandy/

pixel