Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда итке таланған қыз: Ветеринарлар ротвейлерлерді не күтіп тұрғанын айтты

Опубликовано:

Алматының ветеринарлық қызметі кішкентай қызды талап өлтірген ротвейлерлердің тағдыры қандай болмақ екенін айтты деп хабарлайды «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: doggy-boom.ru
фото: doggy-boom.ru: Twitter

Ветеринарлық қызметтің мәлімдеуінше, ит иелері оларға құтыруға қарсы екпелерді жасатқан. Сол себепті, ротвейлерлердің мұндай агрессивті әрекетін түсіндіру қиынға соғуда.

«Бұл сараптамадан соң, белгілі болмақ. Қазіргі таңда, иттердің не себепті бұлай әрекет еткенін болжап айтудың өзі қиын" , - деді баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда, иттер ветеринарлардың жіті бақылауына өткен. Мамандар оларды әлі шамамен он күндей бақылайтын болады. Содан кейін, жануарларды ұйықтатып тастаса керек.

Ветеринарлық дәрігерлердің сөзінше, ротвейлердің күші аз деп санау - қате екенін алға тарты. Мұндай иттердің қорғаныс сезімдері қатты дамыған.

Ветеринар мамандар жануарлардың агрессивтілігін иелерінің жауапкершіліксіздігімен байланыстырды.

«Олардың табиғатын ескеру керек. Ротвейлерлер асқан жауапкершілікті талап етеді. Мүмкін ата-ана дұрыс қарай алмады" , - деді ветеринарлық қызмет өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда екі жасар қызды өз иттері талап өлтіргенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1786409-almatyda-itke-talangan-kyz-veterinarlar-rotvejlerlerdi-ne-ktip-trganyn-ajtty/

pixel