Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жасөспірім абайсызда 15 жасар баланың көзінен атып жіберді

Опубликовано:

Павлодар облысындағы Аққулы ауданына қарасты Шарбақты ауылында оқыс оқиға орын алды. Полицияның мәлімдеуінше, 17 жастағы жасөспірім қақпаға қарай оқ атып, нәтижесінде 15 жасар баланы жарақаттаған. Қақпаға атылған оқ, артынан жас жеткіншектің көзіне дәл тиген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қайғылы оқиға 30 наурыз күні орын алған. ИЖ-38 маркалы пневматикалық қаруды жасөспірім өзен дағалауынан тауып алған.

Шарбақты тұрғыны қаруды тексермек болып, темір қақпаға оқ атты. Нәтижесінде қақпаға тиген оқ оның қасында тұрғын 15 жасар баланың көзін жарақатаған.

Жас жеткіншекті бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Оған қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда, ол үйіне жақын арада шықпайды.

Оқиғаға қатысты "денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтан зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл санкция екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Полицейлер қаруды тәркіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1786415-pavlodar-oblysynda-zasspirim-abajsyzda-15-zasar-balany-kzinen-atyp-ziberdi/

pixel