Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жекеменшік балабақшалардың бірінен екі бүлдіршін жоғалып кеткен

Опубликовано:

Шымкентте жекеменшік балабақша аумағынан шығып кеткен екі бүлдіршін жоғалып кетті. Оқиға 1 сәуір күні сағат 17.30 шамасында белгілі болған. Баласын таба алмай зар қаққан ата-аналар мекеме қызметкерлерінің салғырттығы мен жауапкершіліксізтігіне шүйліккен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ата-аналар балалардың жоғалғанын ести сала, бірден полицейлерге хабар берген. Абырой болғанда тәртіп сақшылары бүлдіршіндерді кешкі саеат 20:30 шамасында тауып алған.

"Жұмыста отырған кезде сағат кешкі бес жарымда балабақшадан хабарласып "балаңыз үйге келді ме?"-деп сұрады. Жанұшыра іздеп полицияға хабар бердік. Полицейлерге рақмет. Шұғыл іздестіріп бес жарымда жоғалған баламызды кешкі сегіз жарымда тауып берді. Үш сағаттың ішінде жүректен жүрек қалмады"-дейді жоғалып табылған бүлдіршіннің бірінің анасы Қарлығаш.

Бүгінде баласымен қауышқан ата-ана сенімді әрі қауіпсіз деп тапсырған жекеменшік балабақша қызметкерлерінің салғырттығына ренжулі екенін жасырмады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Балабақшаға баламды алып кетуге келсем балам жоқ. Аманның ағасымен кеткен деп отыр тәрбиеші. Бөтен адаммен неге жібересіз?-деп сұрақтың астына алдым" , -дейді екінші бүлдіршіннің анасы Салима.

Шымкент қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

" 2019 жылғы 1 сәуір күні сағат 17-30 шамасында бала-бақшадан екі бала шығып кетіп, үйіне оралмаған. Ата-анасы өздері іздеп таппаған соң, Шымкент қаласы полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарлаған.  Екі баланы табу үшін барлық жеке құрам жұмылдырылып, екі сағаттың ішінде балаларды іздеп тауып, ата-анасына табыстады" , - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Аналардың айтуынша, рұқсатсыз шығып кетіп, жоғалып табылған қос бүлдіршін де мектепалды даярлық тобында. Перзенттерінен көз жазып қала жаздаған қос ана әзірге балабақшаға қатысты ешқандай нақты мәлімдеме жасаған жоқ.

"Жұмыста қамсыз жүреміз деп жекеменшік балабақшаға бергенбіз. Енді қандай бақшаға сенеміз?  Білмей қалдық. Қарау керек қой балаға. Жауапкершілік болуы керек. Қайта полицияға рақмет. Екі сағаттың ішінде барлығы бірлесіп жұмыс істеп, тауып берді. Алғысымыз шексіз"-дейді жоғалып табылған Аманның анасы Қарлығаш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1786420-symkentte-zekemensik-balabaksalardy-birinen-eki-bldirsin-zogalyp-ketken/

pixel