RU
Семей маңында үйдің жуынатын бөлмесінен екі баланың денесі табылды

Семей маңында үйдің жуынатын бөлмесінен екі баланың денесі табылды

Рассказать Вконтакте

Семей маңындағы Холодный ключ елдімекенінде тұрғын үй пәтерлерінің бірінен екі бүлдіршіннің мәйіті табылды деп хабарлайды ІІД ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Комитеттінің мәлімдеуінше, кеше, 1 сәуір күні екі қабатты үйде орналасқан пәтерде жиһаз жанып кетіпті. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар екі баланы тапқан.

Олардың жансыз денесі жуынатын бөлменің еденінде жатыпты. Үлкені 7 жаста болса, кішісі бар-жоғы үш жаста екен.

Алдын ала болжам бойынша, олар иіс газынан уланып қалуы мүмкін.

Ата-аналары бұл уақытта үйде болмапты.

Өртке оранған аймақтың жалпы көлемі 5 шаршы метрді құраған. Сбеп-салдары анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
2
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel