Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бауырлары көз жазып қалған бүлдіршін көшеден табылды

Опубликовано:

Шымкентте үлкендердің қарауынсыз қалған 3-4 жасар бүлдіршін адасып кетті. Көшеде жалғыз өзі жүрген қыздарды байқап қалған "СПИДтен балаларды қорғайық" қоғамдық қорының төрайымы Жанетта Жазықбаева дереу полицияға хабар берген деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте адасып кеткен 3-4 жасар бүлдіршіндер табылды
Фото: emigrados.ru: UGC

Жанетта Жазықбаева балақайды кеңсеге ертіп әкеп, полицияға хабарласқан. Бұл туралы ол facebook әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Баланың ересектердің қарауынсыз жүргенін байқап, бүлдіршіннен сұрай бастадым. Ол үндеген жоқ. Жыламады да. Күн салқын болғандықтан қолдары жаурап қапты. Кеңсеге кіріп су ішіп, тәттіден жеп болғасын полицияға хабар бердім", - деп жазды Жазықбаева.

Аз уақытта қыз баланың анасы да лезде табыла кеткен. Белгілі болғандай, анасы қызын екі үлкеніне қарауды тапсырып кеткен.

Ойынға алданған олар кішкентай бауырларын естен шығарып алса керек.

"Балаларға абай болыңыздар. Барлығы жақсы аяқталғаны керемет. Десе де мұқият болған абзал", - деп жазды Жанетта Жазықбаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786440-symkentte-bauyrlary-kz-zazyp-kalgan-bldirsin-kseden-tabyldy/

pixel