RU

Руслан Иманқұлов жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Иманқұлов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жаңа қызметке тағайындалды. Ол министр Роман Склярдың кеңесшісі болды деп хабарлайды ИИДМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Руслан Иманқұлов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: ктк: UGC

Осыған орай индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы бұйрыққа қол қойды.

Министрліктің ақпаратына сай, Иманқұлов бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс орнату мәселесі мен жұртшылықтың министрліктің қызметі туралы жеткілікті ақпарат алуына жетекшілік ететін болады.

Айта кетейік, бұған дейін Руслан Иманқұлов "ҚТЖ" "ҰҚ" акционерлік қоғамындағы БАҚ-пен жұмыс департаментінің басшысы қызметін атқарған.

Бұдан бұрын ол ІІМ ТЖК баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1786446-ruslan-imanklov-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy.html