RU
Тоқтамастан ләңгі тепкен қазақ әйелі көпшілікті таңғалдырды
Жаңалықтар Қоғам

Тоқтамастан ләңгі тепкен қазақ әйелі көпшілікті таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде ләңгі ойнап, өзгелерді аузына қаратқан әйелдің видеосы тарап кетті. Ер адамдарды басып озған келіншектің "жұлдызды сәтін" отандық әнші Мұқасан Шахзадаев Instagram парақшасына жүктеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Видеодан әйелдің ләңгіні жерге түсірместен, 31 рет тепкенін байқауға болады. Ал сайысты тамашалауға келгендер бар дауысымен айқайлап, санап тұрған.

Айта кетейік, бұл видео желі қолданушыларын да бей-жай қалдырмаған.

"Жарайсыз", "Бұл ойынды бала кезден ойнайтынбыз. Ұл немесе қыз деп бөлінбеппіз", "Мына келіншек жарады", "Өткен шаққа бір сәт қайта оралғандай болдық", "Бұл ойынды ойнап көрмегендер түсінбейді".
"Керемет", "Ұяттан басқа білетіндерің бар ма?", "Мұндай қылып ойнау қолдарыңнан келмейді ғой", "Бұрын бізбен қыздар да жарысып ойнайтын. Бұл кісі үлкен әйел болғасын ерсі көрініп тұрған шығар", - деп пікір білдірді желідегілер.

Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінен түсірілгені белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
19
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel