Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шенеуніктер қауіп жоқ деген: Көкшетауды су басты (фото, видео)

Опубликовано:

Күні кеше ауа райы сегіз градусқа дейін күрт жылып, Бұрабай және Зеренді аудандарына жауған қалың қар салдарынан Қылшақты өзеніндегі су 90 сантиметрге дейін көтеріліп кеткен. Нәтижесінде Көкшетаудан 12 шақырым қашықтықта орналасқан Иванов плотинасынан бір-ақ төгілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: әлеуметтік желілерден. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.
Фото: әлеуметтік желілерден. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.: UGC

Көкшетау тұрғындары бүгін ұйқыдан тұра сала қаланың суға кеткенін аңғарып, қатты таңғалған.

Себебі, Төтенше жағдайлар департаменті халыққа тасқынның болмайтынын мәлімдеп, оқиғаның бақылауда екенін айтып сендірген.

Бұл жағдайға қатысты жергілікті тұрғындардың әрекеті де түрліше. Бірі тасқынның орын алуына шүйліксе, енді бірі сурет және видеожазбалар түсіріп, желіге жүктеп жатыр.

Бұл тасқынның орын алуына Кенесары плотинасындағы су деңгейінің шамадан тыс көтерілуі өз септігін тигізген.

Алайда бұл су қоймасынан аққан су Хан өзеніне жетіп тоқтаған. Судың тағы бір бөлігі Иванов плотинасына келіп құйған.

Кенесары плотинасындағы су тасқынын бөгеуге 500 адам және оншақты арнайы техника жұмылдырылған.

Ақмола облысындағы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Алексей Советов қауіпті жағдай артта қалғанын жеткізді.

"Бірден сіздерді сабырға шақырғымыз келеді. Қауіпті жағдай артта қалды. Су азайып барады. 15 сантиметрге дейін төмендеп, ақырындап кетуде. Оқиға жіті бақылаумызда, кешке дейін су деңгейі тағы да азаю керек деп ойлаймын.
Қауіпті аймақта Қылшақты өзенінің бойындағы 600 үй орналасқан. Алайда, алдын ала мәліметке сәйкес, Қылшақты өзеніндегі су тасуының салдарынан облыс орталығының шетіндегі алты тұрғын үй зардап шеккен. Үйдегі су деңгейі шамамен 30 сантиметрді құрады. Тағы да 15 аула учаскелері судың астында қалды" , - деді ол.

"Айта кетерлігі, су мөлшері аса ауқымды әрі ерекше болды. Тіпті , 2017 жылғыдан да анағұрлым көбірек. 99 % -ға қала үшін қауіпті жағдайдың артта қалғанын айта аламын. Шығын барынша азайтылды", - деді ол.

Алексей Советов қала қауіп төніп тұрмағанын хабарлап, оқиға орындарында жүзге жуық адам мен 30 арнайы техника жұмыс істеп жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1786473-seneunikter-kauip-zok-degen-kksetaudy-su-basty-foto-video/

pixel