RU
Тойлар, Денис Тен, Головкин: Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де қандай мәселелерді қозғады

Тойлар, Денис Тен, Головкин: Тоқаев Twitter-де қандай мәселелерді қозғады?

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram-ға тіркелді. Алайда мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісінің белсенді қолданушысы. Ол бұл желіге 2011 жылы тіркеліп, еліміздің көкейтесті мәселелеріне қатысты пікірін білдіріп отырған. KAZ.NUR.KZ президенттің көтерген ең маңызды мәселелерін назарларыңызға ұсынады.

Тойлар, Денис Тен, Головкин: Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де қандай мәселелерді қозғады

Фото: Аkorda.kz

Президентіміздің өткен жылғы және биылғы постарына шолу жасайық.

Біз мемлекет басшысы көтерген саяси емес, әлеуметтік мәселелерге тоқталуды жөн көрдік.

Мысалы, 24 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей құрамалары арасында өткен матчты тамашалап қайтты. Алайда ойын 0:4 есебімен аяқталды.

Дегенмен президент отандық команданы қолдауын жалғастыратынын мәлімдеді.

"30 мың жанкүйермен бірге Қазақстан мен Ресей арасындағы матчты тамашаладым. Нәтижелерге қарамастан біздің құрамамызды қолдауымызды жалғастырамыз. Алға, Қазақстан!", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

БАҚ Қазақстан білім ордаларында жиілеген зорлық-зомбылықты жариялағаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге қатысты да пікір білдірді.

"Мектептердегі қорлаулар - барлық мемлекеттік органдар жұмысының кемшілігі. Бұл мәселеге көз жұмуға болмайды. Мектептегі үрейден арылу үшін кешенді шаралар қолдану керек", - деп жазды ол.

Мемлекет басшысы аса ауыр қылмыстар қатаң жазалануын қолдайды. Бұған мына жазба дәлел.

"Педофилия, қыз зорлау, мал ұрлау, есірткі саудасы, көлікті мас күйде жүргізу және кісі өліміне алып келген жол-көлік оқиғаларына себеп болғандар қатаң жазалануы тиіс",- деп мәлімдеді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев NUR.KZ порталының қазақ тойлары жайлы жаңалығына да қатысты пікір білдірген.

"Қазақстандық БАҚ-тың той салтанатын өткізуде жаңа үрдіс енгізу жөніндегі бастамаларын қолдаймын. Қажетсіз ысырапшылдықтан арылған жөн. Өзбек, түрік, түрікмендер сияқты ұлттық дәстүрге мән беру керек", - деп жазды ол.

2018 жылдың 16 қыркүйегінде Геннадий Головкиннің Сауль Альварес "Канелодан" жеңілгені оны қатты мұңайтқан.

"Маған Головкин бұл жекпе-жекте біраз басымдылықпен жеңген сияқты көрінді. Бірақ төрешілердің пікірі басқа екен, мұнымен дауласудың мәні жоқ. ГГГ Қазақстанды әлемге танымал етуде үлкен үлес қосты, сондықтан құрметке лайық!", - деп жазылған жазбада.

2018 жылдың 19 шілдесінде Қасым-Жомарт Тоқаев мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

"Сочи олимпиадасының қола жүлдегері және халықараларық сайыстардың жеңімпазы Денис Теннің қазасына байланысты қайғыра көңіл айтамын. Дүниежүзілік спорт саласында мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен зор үлес қосты. Қылмыскерлер табылып, заңға сәйкес жазаланулары тиіс", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Экология мәселесіне де көңіл бөлетінін мына жазба дәлелдейді.

"Сенат депутаттары дәстүрлі қалалық сенбілікке шығып, Астана аудандарының бірінің көркейту жұмыстарына атсалысты", - деп бөлісті президент.

2018 жылы ол екі сенбілікке қатысқан.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel