Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

38 келі салмақ тастады: 55 жастағы әйел бедеу қызына бала туып берді

Опубликовано:

Ұлыбритания тұрғыны бедеу қызы үшін суррогат ана атанды. Қызы үшін бала көтерген ана 38 келі салмақ тастауға мәжбүр болған деп хабарлайды Daily Mail-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

55 жастағы әйел бедеу қызына бала туып берген
Фото: Daily Mail: UGC

55 жастағы Эмма Майлс қызы Трэйси Смит 15 жасқа келгенде бала көтере алмайтынын білген. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жатыры болмаған.

Алайда аналық безі мен жатыр мойны бар екенін анықталды. Бір жылдан кейін Трэйсиге Рокитандық Кустер-Хаузер Майер диагнозын қойған. Туа біткен кеселдің салдарынан қыз баланың жыныс мүшелері жеткілікті дамымайды.

"Мен диагнозды білген күннен бері анам маған көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты. Күндердің бір күні ол маған бала туып беретінін білмедім", - дейді Трейси.

2016 жылы ол Адам есімді азаматқа тұрмысқа шығып, ана атануды ойлай бастайды. Осылайша Эммаға суррогат ана болуды ұсынды.

Эмма өз кезегінде қуана келісе кетеді. Ұрықтандыру кезінде әйел 38 келі салмақ тастап, гормоналды дәрі қабылдауға мәжбүр болған.

Дәрігерлер ұрықтанған аналық жасушаларды Эмманың ағзасына сәтті көшірген. Кесір тілігінің көмегімен ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Эви Сиан Эмма Смит есімді қыз бала дүниеге келді.

Сәбидің дені сау. Қазіргі таңда Адам мен Трейси қыз баланы бағып алу шараларымен айналысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1786497-38-keli-salmak-tastady-55-zastagy-jel-bedeu-kyzyna-bala-tuyp-berdi/

pixel