RU
"Миллионер деп ойлайды": Мақпал Жүнісова бар табысын қайда жұмсайды?

"Миллионер деп ойлайды": Мақпал Жүнісова бар табысын қайда жұмсайды?

Рассказать Вконтакте

Мақпал Жүнісова өзін миллионер санайтындардың сөзін жоққа шығарды. Эстрада жұлдызы бір айлық табысын қайда және қалай жарататынын рет-ретінмен тізіп шықты деп хабарлайды Астана арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Анықталғандай, әнші концерт пен тойлардан табатын ақшасын жаңа киім-кешекпен қатар, үй тұрмысы мен қол астында жұмыс істейтін адамдарға жалақы төлеуге жұмсайтын болып шыққан. Сол үшін Мақпал Жүнісова айына кем дегенде 700 мыңдай табысқа кенелуі керек.

"Халық Мақпал Жүнісованы миллионер әйел деп ойлайды. Бірақ, ол олай емес. Неге онда мен тойларға барамын? Біріншіден - костюм тіккізу үшін, үкімет тікпейді бізге. Көлігіме жанармайды кім құйым береді? Бұл -екі. Ай сайынғы пәтерлерімнің төлемі бар. Екі үйім бар. Қыс кезінде газ бен суға жоқ дегенде 130-140 мың болып келеді.

Шопырыма жүз мың, күзетшіге жүз мың төлеймін. Сонда айына маған 600-700 мың теңге былай керек болып тұр.

Кеше Құрманғазы оркестрін шақырдым. Менімен бірге өнер көрсетуі үшін мен оларға алты мың доллар төледім. Одан кейін өз алғысымды білдіріп, кішігірім отырыс үйымдастырдым. Оған да ақшаң кетеді, ешкім төлемепйді ғой сен үшін" , - деді Жүнісова.

Сіздің реакцияңыз
6
8
0
2
3
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel