RU
Мәдина Сәдуақасова бір тізесі жоқ суреті фотошоппен жасалғанын мойындады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мәдина Сәдуақасова бір тізесі жоқ суреті фотошоппен жасалғанын мойындады

Рассказать Вконтакте

Мәдина Сәдуақасова осыдан біраз уақыт бұрын желідегі парақшасына бір тізесі жоқ суретіп жүктеп, желідегілердің қызу талқысына түскен болатын. Әнші суретін арнайы фотошоп маманының өзгерткенін ашып айтты деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол суретіндегі өзгерісті оқырмандарының пікірінен соң бір-ақ білген.

"Өзім отырып алып, фотошоп жасамаймын. Бірақ енді фотографтар өздері дайындап береді. Мен негізі өзім де байқамаппын сол кезде.

Көрермендер, оқырмандар өздері байқап, неше түрлі жазды. Ол енді фотографтың аса бір кірісіп кеткен қателігі деп ойлаймын.

Ол фотографқа мен 10 рет хабарласқан шығармын. Ол жауап бермейді. Білмеймін неге екенін... "Өзімнің аяғымды орнына, тіземді қоя сал, халық көріп жатыр, байқап жатыр" дегендей қылып айтқым келді. Бірақ білмеймін неге жауап бермейтінін", - деді әнші.

Сондай-ақ, Мәдина Сәдуақасова өзінің шынайы келбетін фотошопсыз көрсетуге ұялмайтынын да жеткізді.

"Мен негізі өзімді қандаймын, солай қылып көрсетуге қиналмаймын, ұялмаймын. Бірақ қатты өзгертіп тастағаны маған ұнамайды, мүлдем басқа адамға ұқсатып", - дейді әнші.

Айта кетейік, әншінің желіде қызу талқыға түскен суреті қаңтар айында жарияланған болатын.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel