Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық полиция басшысы көлік айналарының ұрлығы үшін жазалана ма?

Опубликовано:

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыда арада бір жыл өтпей жатып дәл сол орында орын алған көлік айналарының ұрлығы үшін "қалалық полиция басшысы жауапкершілікке тартыла ма?" деген сауалға жауап берді. Денис Тен қаза тапқан орында бұл жолы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігіндегі айналарын шешіп әкеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дмитрий Баландин және Денис Тен. Фото: instagram.com/dmitriy_balandin. Ерлан Тұрғымбаев ІІМ баспасөз қызметі.
Дмитрий Баландин және Денис Тен. Фото: instagram.com/dmitriy_balandin. Ерлан Тұрғымбаев ІІМ баспасөз қызметі.: Facebook
"Не үшін? Бір тәулік ішінде істі шешкені үшін бе? Ескерту шарасы аясында әлі қарастыратын боламыз. Мен оның жазалануы мүмкін бе деген сұрақтарға жауап бермей-ақ қояйын. Біз тергеу нәтижесіне байланысты тексеріс жүргіземіз. Оқиға қалай өрбіді, қылмыскер қалай әрекет етті. Біз жауап береміз" , - деді ол.

Тұрғымбаевтың сөзінше, қылмыстар әлемнің кез келген мемлекетінде орын алады. Бұзақылық жасалмайтын ел жоқ дейді ол.

«Дәл осы жерде Олимапиада чемпионына қатысты қандай да бір шараның іске асырылғанымен байланыстыруға мен түбегейлі қарсымын" , - деді ІІМ басшысы.

Ол Денис Тенді жарақаттап кеткен жерде Дмитрий Баландиннің көлігінен айна ұрланып кетуді сәйкестік деп бағалады.

«Жай ғана сәйкестік. Бұл қаланың ортасы, тұрақтар өте көп. Бейнебақылау камерасы мен біздің қызметкерлердің жедел түрде әрекет етуінің арқасында бұл қылмыс бір тәулік ішінде ашылды. Қылмыскер тұтқындалды. Бұл полицияның оң нәтижелі қызметінің арқасы" , - деп қосып кетті Тұрғымбаев.

Айта кетейік, Дмитрий Баландиннің көлігінен айна ұрлаған күдікті тұтқындалды. Ол бұған дейін үш мәрте сотталған 1986 жылғы азамат болып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786512-almatylyk-policia-bassysy-klik-ajnalaryny-rlygy-sin-zazalana-ma/

pixel