RU
Тоқаев: Үкіметті ауыстырудың қажеттілігін көріп тұрған жоқпын
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев: Үкіметті ауыстырудың қажеттілігін көріп тұрған жоқпын

Рассказать Вконтакте

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" және"Айқын" газеттеріне берген сұхбатында "Үкімет қайта жасақтала ма?" деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ыыыыы

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Тағы оқыңыздар:

Тойлар, Денис Тен, Головкин: Тоқаев Twitter-де қандай мәселелерді қозғады?

Президент: Шетелдегі қандастарымыз ешқашан назардан тыс қалған емес

Тоқаев: Еліміздің өсіп-өркендеуі Назарбаев есімімен байланысты

«Президент ауысқанда Үкіметтің қоса ауысуы міндетті емес. Үкімет жақында ғана жасақталғаны белгілі. Қазір көптеген қауырт жұмыстар бар.

Министрлерге нақты тапсырмалар берілді. Съезд тапсырмаларын орындау, көктемгі тасқын қаупінің алдын алу, егіс науқаны сияқты маңызды маусымдық міндеттер тұр. Сондықтан қазіргі кезде Үкіметті ауыстырудың қажеттілігін көріп тұрған жоқпын.

Ал жекелеген Үкімет мүшелерінің қызметі олардың атқарған нақты жұмыстарына қарай бағаланады», - деді Президент.

Естеріңізге сала кетсек, Президент балалар құқығын қорғау жөніндегі заңға өзгерістер енгізгені туралы хабарлаған болатынбыз. Енді балаларға зорлық-зомбылық әрекет жасағандар қатаң түрде жазаланатын болды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel