RU
Нокаут алған спортшы ауруханада көз жұмды (фото, видео)

Нокаут алған спортшы ауруханада көз жұмды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Бразилиядағы Амазонас штатына қарасты Манаус қалашығында өткен ережесіз жекпе-жек кешінде нокаут алған спортшы көз жұмды. Дәрігерлер 22 жастағы Матеус Фернандестің өліміне қарсыласының еш қатысы жоқ екенін анықтаған деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Қайғылы жағдай 31 наурыз күні болған.

Обед Перейраға қарсы кездесу өткізген Матеус Фернандес үшінші раундта бірнеше жойқын соққы алып, нокаутқа түскен.

Жекпе-жектен соң, бірден ауруханаға жеткізілген спортшының бірнеше мәрте жүрек талмасы ұстап қалған.

Оның өмірі үшін білікті дәрігерлер күрескенімен, спортшы жергілікті уақыт бойынша сағат 23:45-те көз жұмған.

"Матеусті бірден ауруханаға алып келді. Дәрігерлер ол есін жоғалтпау үшін бәрін істеді. Ол басы айналса да, есінен танбады. Дәрігерлер спортшы тексерді сосын алғашқы жүрек тоқтауы тіркелді. Оның өмірі үшін екі сағаттай күресті, бірақ ол қайтыс болды" , - дейді федерация басшысы.

Анықталғандай, Фернандес есірткіге тәуелді адамдарға жекпе-жектер арқылы көмектесуге бағытталған әлеуметтік жоба аясында жаттығып жүрген.

Жоба жетекшісі сараптама нәтижесінде дәрігерлер шығарған қорытындыға сүйеніп, Матеустің өлімі нокауттан емес, тыйым салынған заттарды мөлшерден тыс пайдалануынан болғанын хабарлады.

Кантуриас сондай-ақ, Матеус бапкерінің бұрынғы тәлімгерлері спортшыны жекпе-жек алдындағы түнде есірткі қолданып отырғанын көргенін атап өтті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel