RU

Тоқаев полицейлерді кезектен тыс аттестаттау туралы жарлыққа қол қойды

2019 жылдың 1 қазанынан 2020 жылдың 31 наурызына дейін Қазақстанда полиция қызметкерлері кезектен тыс аттестаттаудан өтеді деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: СҚО Полиция департаменті
Көрнекі фото: СҚО Полиция департаменті: Twitter

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" жарлығына қол қойды.

Құжатқа сәйкес, 3-тармақ жаңа редакцияда жазылады.

"3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды 2019 жылғы 1 қазан мен 2020 жылғы 31 наурыз аралығында өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын", - деп жазылған жарлық мәтінінде.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1786573-tokaev-policejlerdi-kezekten-tys-attestattau-turaly-zarlykka-kol-kojdy.html