Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мадақ айтуды тоқтатыңдар": Өзбекстан президенті шенеуніктерге ұрсып тастады

Опубликовано:

Бұхар облысына барған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев шенеуніктерді мадақ айтуды доғарып, әр адаммен мақсатты түрде жұмыс істеуге шақырды деп хабарлайды rus.ozodlik.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: muic.uz
Көрнекі фото: muic.uz: Instagram

29 наурыз күні Бұхара облысының белсенділерімен кездескен Шавкат Мирзияев шенеуніктердің жұмысы халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге арналу қажеттігін айтты.

"Бұл әр адамның өмірінде, әр көшеде көрінуі керек. Мадақ айту мен қол соғуды тоқтатып, әр адаммен мақсатты түрде жұмыс істеу қажет", - деді ол.

Айта кететін жайт, Өзбекстанда шенеуніктер Шавкат Мирзияевтің әр сөзіне қол соғады. Бұл дәстүр алғашқы президент Ислам Кәрімовтың басшылығы кезінде де болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1786606-madak-ajtudy-toktatydar-zbekstan-prezidenti-seneunikterge-rsyp-tastady/

pixel