RU

Түркістан облысында полицей өмірімен қоштаспақ болған азаматты құтқарып қалды

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында өз-өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштаспақшы болған ер азаматты тергеуші құтқарып қалды. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаменіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Getty Images

Оқиға 1 сәуірден 2 сәуірге қараған түні сағат 1:30-да орын алған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Қазығұрт аймақтық полиция басқармасының аға лейтенанты, тергеуші Серік Түймебаевтың үйіне көршісі "күйеуім асылып қалды" деп жүгіріп келіпті.

Ол тез арады ер азаматты босатып алып, алғашқы көмекті көрсеткен.

Содан кейін тергеуші полицияның кезекші бөліміне хабар берген.

Қазіргі уақытта ер азамат ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп отыр.

Өз кезегінде полицейлер оның не себепті өмірімен қоштаспақ болғанын анықтауда.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1786609-trkistan-oblysynda-policej-mirimen-kostaspak-bolgan-azamatty-ktkaryp-kaldy.html