RU
Ақтөбеде қысқартуға ұшырадық деген дәрігерлер жанайқайын жеткізді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде қысқартуға ұшырадық деген дәрігерлер жанайқайын жеткізді (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде теміржол ауруханасы мен емханасының дәрігерлері наразылыққа шықты. Мекеме сенімгерлікке берілгелі жұмысшылардың берекеті кеткен. Жекенің қолына өткелі жалақымызды ала алмай, қысқартуға ұшырадық деген дәрігерлер БАҚ өкілдерінен көмек сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жалақысы қысқарғандардың қатарында екі бірдей мүгедек адам асырап отырған дәрігер мен бірнеше жылдық еңбек өтілі бар мамандар бар.

"18 жыл осы мекемеде жұмыс істедім. Емханамыз жекенің қолына өтіп, жаңа басшы сатып алып отыр. Қиын жағдайға қалдық. Аяқ астынан 26-наурызда "Сіз қысқартыласыз" деген хабарландыру алдым. 90 адамға осындай қысқарту беріліп отыр. Мен өзім екі мүгедек бағып отырған адаммын. Әйелім бірінші топ мүгедегі, інім мүгедек. Менің осындай жағдайымды ескерместен, қыстартуға жібергендері әделетсіздік", - дейді Ақтөбе теміржол ауруханасының көз дәрігері Орналы Қуанышбаев.

Медицина мекемесі негізінен темір жол мекемелерінің жұмысшыларына қызмет көрсетеді. Емдеу мекемесінің жаңа басшылығы "қысқартуға кетесіздер" деп ескерту берген мамандарға 0,25 және жарты жүктемемен ғана жұмыс істеуге мүмкіндік берген.

Алайда, ұзақ жылдар осында қызмет еткен тәжірибелі мамандар мұнымен келіспейді. Сонымен қатар, емделушілер де берекесінің кеткенін айтып жүр.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Дәрігерлер қарамай жатқан жоқ. Бірақ бұрынғыдай жағдай болмай жатыр. Мен 1983 жылдан бері осы ауруханаға қараламын. Маған дәрігерлер ұнайтын. Жекеге өткен соң шу көбейеді. Ертең бұлар қызметін көбейтеді. Қазір дәрігерлер көңілсіз жүр", - дейді емделуші Шолпан Қошқымбаева.

Ақтөбедегі ең ірі медицина мекемесін алматылық компания былтыр үш жылға сенімгерлікке алған. Бүгін компания басшылығы ешкімді де жұмыстан босатпайтындарын және мәселені шешкендерін мәлімдеді.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Бұл сұрақ кеше түнде шешілді. Осыған дейін бұл медициналық мекемеге негізгі қаржы әкеліп отырған Қазақстан темір жолы мен аллергологиялық орталық бізден кетіп қалып отыр. Аллерггологиялық орталық бұл мекемеде 10 жылдан аса жұмыс істеді.
Енді біз қосалқы мердігер мекеме болып келісімшартқа отырдық. Ешкімді жұмыстан шығармаймыз, қысқартпаймыз. Мамандарға бұл хабарланатын болады", - дейді аурухананың құрылтайшысы саналатын "AUHAL" ЖШС-нің өкілі Марат Өтегенов.
Сіздің реакцияңыз
0
0
4
4
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel