RU
Тоқаев Ақордада Бақыт Сұлтановты қабылдады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев Ақордада Бақыт Сұлтановты қабылдады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтановты қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына 2018 жылдың қорытындысы бойынша қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылымды іске қосуды көздейтін және 2019-2023 жылдарға арналған елорданың шағын құрылысы жөніндегі кешенді жоспармен танысты.

Бұдан бөлек, президент жеңілдігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін қабылданатын шаралар туралы, сондай-ақ жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі есепті тыңдады.

Соңында мемлекет басшысы елорданы одан әрі дамытуға, соның ішінде қала көшелерін, саябақтар мен гүлзарларды лайықты абаттандыруға, тазалық пен тәртіпті сақтау үшін қала мәдениетін қалыптастыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel