RU

Тоқаев: Бізге надан­дықтан құтылу қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық Егемен Қазақстан және Айқын газеттеріне берген сұхбатында қазақстандықтарға надандықтан құтылу керектігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: ttfrk.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: ttfrk.kz: UGC

Журналистің "ХХІ ғасырдағы қазақтың кердең мінезіне нені жатқызар едіңіз?" деген сұрағына мемлекет басшысы "даңғазалық, ысырапшыл­дық" деп жауап берді.

"Бізге даңғазалықты доғарып, ысырапшылдықтан арылу қажет.
Ұлы Абай "Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – за­лымдық деп білесің. Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүние­ден ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды" дейді. Бізге надан­дықтан құтылу қажет.
Тәуелсіздік жылдарында мем­лекеттік, ұлттық ұстанымға адал, білімді, өткір, отаншыл жастары­мыздың тұтас бір буыны қалып­тасты. Біз соларға арқа сүйейміз. Олар Абай айтқан бес асыл іске берік – талапшыл, еңбекшіл, ой­шыл, қанағатшыл, рақымшыл бол­са – онда біздің еліміздің бо­лашағы жарқын, жұлдызы жоғары болмақ!", - дейді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1786625-tokaev-bizge-nadan-dyktan-ktylu-kazet.html