RU
Елбасы кеңсесін құруға қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды

Елбасы кеңсесін құруға қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның тұңғыш президенті кеңсесін құруға қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды. Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер енгізілді деп хабарлады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Елбасы кеңсесіне қанша қаражат бөлінетіні анықталды

Бюджетке үш бағыт бойынша өзгерістер енгізілді: Елорда атауын өзгерту, жалақыны көтеру және Елбасы кеңсесін құру. Осы мақсатқа шамамен 38,8 млрд теңге бөлінеді.

Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева жалақы өсімін шілдеден маусым айына ауыстыру үшін 37 млрд теңге қажет екенін жеткізді.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Тұңғыш президенттің кеңсесін құруға республикалық бюджеттен шамамен 1 млрд теңге жұмсалады.

Еске сала кетейік, қаржы министрлігі Астана атауын Нұр-Сұлтанға өзгертуге қанша қаражат жұмсалатынын мәлімдеген болатын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel