RU
Семейде өрттен ажал құшқан екі балақайға қатысты тың деректер белгілі болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Семейде өрттен ажал құшқан екі балақайға қатысты тың деректер белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Семейде бірінші сәуір күні төрт және алты жастағы қос бүлдіршіннің өмірін қиған қайғылы жағдай орын алды. Үйде жалғыз қалған екі ұл бала улы түтінге уланып, қаза болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Семейде уланған екі бүлдіршінге қатысты тың деректер белгілі болды

Көрнекі фото: Алексей Вовк/РИА Новости

Қайғылы оқиға Семей маңында орналасқан Холодный ключ елді мекенінде орын алған.

Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Қанат Әбділов қазір өрт шығу себебі анықталып жатқанын жеткізді. Алдын ала ақпарат бойынша, өрт отты абайсыз пайдалану салдарынан болуы мүмкін.

Семей әкімі Ермак Сәлімов оқиға орнына барып қайтты.

Қала басшысы әкімдіктің ақпараты бойынша, балалардың анасы 28 жаста, қазір аяғы ауыр болғандықтан жұмыс істемейді екен.

Семей әкімі қайтыс болған балалардың анасы қайғылы жағдайдың себебін түсіндіргенін мәлімдеді. Ол дәрігерге қаралуға кеткен кезде ұлдарын пәтерде жауып кеткен.

Балалардың әкесі 46 жастағы азамат, ол қазір Нұр-Сұлтанда құрылысшы болып істейді екен.

Қала әкімдігі отбасының әлеуметтік төлемдер алу арызданбағандығын және жұмыссыз ретінде тіркеуде жоқ екенін жеткізді. Алайда отбасының қиындықтары болған, бірақ әкімдік оларға көмек көрсетуге тырысқан.

Ермак Сәлімовтың сөзінше, қайғылы оқиға болған аймақ №45 орта мектепке қарайды. Білім ордасының қызметкерлері ата-аналар арасында жылына төрт рет балаларды қоғамға бейімдеп, мектепке дайындау керегін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

"Осындай кезекті рейд кезінде үлкен ұлдары әкесінің жанында астанада екені, ал кенжелері бөтен адамдардың қолында жүргені анықталған", - деді қала басшысы.

Үйде бала тәрбиелеуге арналған жағдай болмағандықтан кіші балалары Балалар үйіне өткізілген. Алайда анасы сот арқылы ұлын қайтарып алған.

Әкім орынбасары Әсем Нүсіпова екі баласынан айырылған жүкті әйел дағдарыс орталығына орналастырылғанын мәлімдеді. Психологтар онымен қажетті жұмыс жүргізіп жатыр.

Балалардың әкесі қайғылы жағдайдан кейін қалаға оралып, қазір алыс туыстарының жанында.

Қала әкімдігі жерлеу шараларын ұйымдастыруға қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Еске сала кетейік, бірінші сәуір күні Семей маңындағы елді мекенде үйдің жуынатын бөлмеден екі баланың денесі табылған болатын.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel