RU
Нұр-Сұлтандағы жол апаты: зардап шеккен 13 адам әлі ауруханада жатыр

Нұр-Сұлтандағы жол апаты: зардап шеккен 13 адам әлі ауруханада жатыр

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтандағы жантүршігер жол апатынан зардап шеккен 12 адам №2 қалалық ауруханада жатыр, ал тағы біреуі нейрохирургия ұлттық орталығында ем қабылдауда. Бұл туралы Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Нұр-Сұлтандағы жаппай жол апаты: зардап шеккен 13 адам ауруханада жатыр

Фото: ukrainianwall.com

Нұр-Сұлтандағы ірі жол апатынан қайтыс болған жолаушы жалғыз басты ана болған

>>>

Автобус апатынан аман қалған астаналық жігіт оқиғаны баяндап берді>>>

Нұр-Сұлтандағы үш бірдей автобус апаты: Қала әкімі оқиға орнына келді>>>

Нұр-Сұлтан әкімдігі автобус апатында қайтыс болғандар туралы ақпарат берді>>>

Бүгінгі күні №2 қалалық көп салалы ауруханада жарақат алған 12 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. №2 қалалық аурухананың мәліметінше, зардап шеккен сегіз адамның денсаулығы қанағаттандырарлық, одан бөлек төрт науқастың жағдайы орташа.

"Зардап шеккен екі науқас ауруханадан шығарылды", - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Тағы бір науқас ұлттық нейрохирургия орталығында жатыр.

Науқастар тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында және барлық қажетті емді алуда деп сендірді денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда 26 наурыз күні таңертең жантүршігерлік апат орын алды. №303 автобус бар жылдамдығымен алдыда тұрған автобусқа соғылды.

Автобус апатында зардап шеккен 27 адам ауруханаға түсті, кейін зардап шеккендердің саны 36-ға жетті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel