RU
Нұр-Сұлтанда жекеменшік балабақшалардың бірінде қандала қаптап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Нұр-Сұлтанда жекеменшік балабақшалардың бірінде қандала қаптап кетті

Рассказать Вконтакте

Елордада жекеменшік балабақшалардың бірінде қандала қаптап кеткен. Ашуға булыққан ата-аналар мектепке дейінгі білім беру мекемесін жаптырып тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: parazit.pro

Көрнекі фото: parazit.pro

Бас қаладағы жекеменшік балабақшаларының бірінде қандала қаптап кеткенін KAZ.NUR.KZ тілшісіне ата-аналардың бірі айтып берді.

"Сол жағалауға жақын аудандағы, элиталық тұрғын-үйлердің біріндегі балабақша болатын. Сөйтсек, балабақша басшылары мекемені жалға алған екен. Сол жерден қандала шығып, балаларымызды бұл жерден алып кеттік. Ата-аналар әрине шу шығарып, мектепке дейінгі білім беру мекемесін жаптырды.

Айтайын дегенім, жекеменшік балабақшаны таңдарда да сақ болу керек екен. Мүмкін балабақша иесі бұдан хабарсыз болғанымен, бөлмені немесе ғимаратты жалға берген иесі мұндай жағдайларға жол бермеуі керек.

Айдың күннің аманында, балабақшадан қандала шықты деген сұмдық емес пе? Қазір енді басқа балабақша қарастырып жатырмыз, бірақ өкінішке орай бәрі қымбат. Қымбат болса да беруге мәжбүрміз, жолдасым да, өзім де жұмыстамын", - дейді ашынған ата-ана.

Айта кетейік, өткен аптада Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы элиталық пәтердің бірінде қандала қаптап кеткенін жазған едік.

Пәтерді жалға алушылар амалсыздан үйден көшіп, басқа пәтерге қоныс аударуға мәжбүр болған.

Сіздің реакцияңыз
3
0
2
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel