Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келесі жылдан бастап кей дәрігерлер 55 жастан зейнетке шығу мүмкін

Опубликовано:

Елімізде алдағы уақытта дәрігерлер 55 жастан зейнетке шығуы ықтимал. Тізімге акушер-гинеколог, неонатологтар пен хирургтар кіреді деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Көрнекі фото: astv.ru
Көрнекі фото: astv.ru: Facebook

Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, жұмысы ауыр дәрігердің зейнетке ерте шығу мүмкіндігі болуы керек.

Осыған сәйкес, олар заңға өзгерістер енгізуді қарастырып отырғанын алға тартты.

Алайда зейнетке ертерек шығу үшін, ақ халаттылардың зейнетақы қорында қаражаты жеткілікті болу керек екенін де жеткізді.

Ведомство дәрігердің зейнетақы қорында ақшасы жеткілікті болса, 55 жастан зейнет демалысына шығуды ұсынып отырғанын айтты.

Жұмыс өтілі де маңызды. Қанша жыл болу керектігі қазіргі уақытта талқылануда", - деді денсаулық сақтауды дамыту менеджмент орталығының басшысы Салтанат Идрисова.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, қазіргі уақытта ер азаматтар 9,1 миллион теңгемен 55 жастан, әйелдер 13 миллион теңгемен 51 жастан зейнетке шыға алады.  

Автор: Ә. Өмірзақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786665-kelesi-zyldan-bastap-kej-drigerler-55-zastan-zejnetke-sygu-mmkin/

pixel