RU

Сәукеле киіп, жалаңаш денесімен билеген тағы бір жігіт желіні шулатты

Желіде ер азаматтың басына сәукеле киіп, жалаңаш денесімен билеген сәті тарап, көпшіліктің ашуына тиді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Видео Instagram желісіндегі kaz.videosy тобында жарияланды.

Кадрдан басына қазақтың сәукелесін киіп алған ер азаматтың жалаңаш денесімен қамажай билегенін байқауға болады.

Сондай-ақ, видеода оның қыздар сияқты боянып алғаны да көрінеді.

Бұны көрген желі оқырмандары "осындайлар-ақ қазақты масқаралап бітірді", "айтарға сөзім жоқ", "Шырынның ағасы", "тезірек дәстүрді қорғайтын заң шығару керек", "ел қорғайтын еркектің түрін қара, ұят. Жастарға берген тәрбиең осы ма?" деген сынды пікірлерін қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1786667-sukele-kiip-zalaas-denesimen-bilegen-tagy-bir-zigit-zelini-sulatty.html