RU
"Әлімбекованың бұл қылмысқа қатысы жоқ": Істің басты фигуранты кінәсін мойындады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Әлімбекованың бұл қылмысқа қатысы жоқ": Істің басты фигуранты кінәсін мойындады

Рассказать Вконтакте

Алматыда Гауһар Әлімбекованың қылмыстық ісі бойынша аппеляциялық сот ісі жалғасып жатыр. Сот отырысында істің басты фигуранты Феруза Ордабаева өз кінәсін толық мойындаған деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Аппеляциялық сотта даулв іске қатысы бар тағы бір азаматша Феруза Ордабаева сөз сөйлеп, әншінің кінәсіз екенін айтты.

"Мен бұл қылмысты жасағанымды мойындаймын. Бірақ бұл қылмыс жасалып жатқанда оның заңсыз екенін білгенім жоқ. Алған ақшаның барлығын үйді салған түркиялық компанияның өкілдеріне бердім.
Ал Гауһар Әлімбекованың бұл қылмысқа тіптен қатысы жоқ. Себебі ол өзі де 40 мың доллардан екі үй алып, өзі де шығынға батты", - дейді Феруза Ордабаева.

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың"алаяқтық" бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
7
1
1
0
2
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel