Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысындағы сұлулық салонында қасын боятқан тұрғын ауруханаға түсті

Опубликовано:

Түркістан облысы Жетісай қаласының тұрғыны Құралай Өтегенова сұлулық салонына барып, қасын боятқан. Алайда салондағы процедурадан кейін әйел адамның қызуы көтеріліп, ауруханадан бір-ақ шыққан деп хабарлайды Ernur.kz.

Фото: Ernur.kz
Фото: Ernur.kz: Instagram

25 наурыз күні Жетісайдағы сұлулық салонының қызметі жүгінген Құралай Өтегеноваға қазір дәрігерлер "контактный дерматит" деген диагноз қойып емдеп жатыр.

“Мен қасымды Айдана есімді мастерге жасаттым. Басында бәрі жақсы болды. Үйге келген соң қызуым көтеріліп, бет-ауызым ісіне бастады. Болмаған соң қасымды бояған келіншекке қоңырау шалып, мән-жайды айттым. “Ондай-ондай болады, әпше” деген Айдана нақты ештеңе айтпады” , - дейді ол.

Айтуынша, ол шыдауға әрекет жасап көрген. Алайда, қасының боялған жерлері қышып, ақыр соңында жағдайы мүлдем нашарлай бастаған соң, жедел жәрдем шақырып, ауруханаға кетеді.

Ernur.kz тілшісі аталмыш сұлулық салонында қызмет ететін қас бояушы маманмен осы мәселе төңірегінде сөйлеспек болған. Алайда тілшінің әрекеті нәтижесіз аяқталған.

Себебі қас бояушы маман өзі кәсіп етіп отырған салаға арнайы рұқсат қағазы (сертификат, диплом, лицензия) бар-жоғын да көрсетпеген.

Ал жәбірленуші бүгінде Жетісай аудандық ауруханасының терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр.

"Науқастың жедел жәрдеммен ауруханаға келгені рас. Қасына аллергия беріп, бет-ауызы іскен. Біз тексере келе "контактный дерматит" деген диагноз қойдық. Науқастың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық, өміріне ешқандай қауіп жоқ. Дексометизон, аллергофест екпелері жасалып, гидрокартизон жақпа майы белгіленген.
Енді азаматшаға иіс сабындар мен иіс суларды, цитрусты өнімдерді (апельсин, мандарин, банан, лимон, киви, ананас т.б) пайдалануға болмайды. Бізден ем қабылдап шыққан соң аллергоорталыққа барып толық тексеруден өтуі, есепке тұруы керек", - дейді терапия бөлімінің меңгерушісі Халима Айдарбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1786697-trkistan-oblysyndagy-slulyk-salonynda-kasyn-boatkan-trgyn-auruhanaga-tsti/

pixel