RU
Назарбаев Шамалғандағы жерлестерімен не жайлы сөйлесті (видео)

Назарбаев Шамалғандағы жерлестерімен не жайлы әңгімелесті? (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туған жері Алматы облысындағы Шамалған ауылына барып қайтты. Осы сапарының видеосы желіде жарияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Назарбаев Шамалғандағы жерлестерімен не жайлы сөйлесті (видео)

Фото: Петр Карандашов/NUZ.KZ

Видео кадрларынан жергілікті тұрғындардың Елбасын қошеметпен қарсы алып, "Нұрсұлтан! Қазақстан!" деп айғайлағандарын көруге болады.

Тұңғыш президент жерлестерінің алдында сөз сөйледі.

Сондай-ақ видеодан жергілікті мектептің екінші сынып оқушысы Елбасына өлең жолдарын оқығаны мен, ұлттық ансамбль Нұрсұлтан Әбішұлына арнап билеп бергенін де көруге болады.

Еске сала кетейік, екінші сәуір күні Тұңғыш президент туған жері Шамалған ауылына барып қайтты. Онда ол салынып жатқан дене шынықтыру кешенін көрді. Бұл кешенді тұрғызуға Елбасының жеке қаражаты да жұмылдырылған.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев сыныптастары және бала кездегі достарымен кездесті.

Сіздің реакцияңыз
15
0
0
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel