RU
Енді Алматы мен Қарағанды арасында алты мың теңгеге ұшуға болады

Енді Алматы мен Қарағанды арасында алты мың теңгеге ұшуға болады

Рассказать Вконтакте

FlyArystan әуе компаниясы Алматы-Қарағанды-Алматы арасындағы әуе рейсін ашты. Билет бағасы бір бағыт үшін 5999 теңгеден басталады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: unsplash.com

Көрнекі фото: unsplash.com

Алматы-Қарағанды-Алматы жергілікті рейсі 2 мамырдан бастап өз қызметін бастайды. Әуе көлігінің екі аймақтың арасында ұшу уақыты бір жарым сағатты құрайды.

Билетті алдын-ала сатып алу әуе компаниясының ресми сайты арқылы жүргізіледі.

Қазақстандықтар оңтүстік астанадан Қарағанды қаласына Airbus A320 атты заманауи үлгідегі 180 жолаушыға арналған ұшақпен қатынай алады.

Еске сала кетсек, бұған дейін FlyArystan әуе компаниясы Тараз бен Алматы арасында құны бес мың теңгеден, Орал мен Алматы бағытында 12 999 теңгеден, Алматыдан Нұр-Сұлтанға дейін жеті мың теңгеден басталатын әуес рейстерінің ашылдғанын хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel