RU
Көкшетаудың жаңа әкімі тағайындалды

Көкшетаудың жаңа әкімі тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 3 сәуірде Амангелдi Смайылов Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды. Шаһар басшысын қала активiне облыс әкімі Ермек Маржықпаев таныстырған деп хабарлайды Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ермек Маржықпаев пен Амангелдi Смайылов. Фото: аqmola.gov.kz

Ермек Маржықпаев пен Амангелдi Смайылов. Фото: аqmola.gov.kz

Амангелдi Халауденұлы Смайылов 1962 жылы дүниеге келген. Инженер-құрылысшы мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1988 жылы Омбы облысының Станический кеңшарында құрылыс цехының шеберi болып бастаған.

1993-2011 жылдары кәсiпкерлiк қызметпен айналысты, "Реал НГП" ЖШС директоры, "СК Ауыл Газ" ЖШС директоры қызметтерiн атқарды.

2011-2014 жылдары Көкшетау қаласы "ENKI" ЖШС директоры болды.

Амангелдi Смайылов. Фото: аqmola.gov.kz

Амангелдi Смайылов. Фото: аqmola.gov.kz

2014-2015 жылдары Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары лауазымын атқарды. 2015-2017 жылдары Ақмола облысы құрылыс басқармасының басшысы болып iстеген.

2018 жылдың қарашасынан берi — Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары болған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel