RU
Қытайда бүлдіршіндерді қасақана улаған тәрбиеші жаға ұстатты

Қытайда бүлдіршіндерді қасақана улаған тәрбиеші жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Қытайлық Хэнань провинциясындағы балабақша тәрбиешісі балақайларды қасақана нитриттермен улаған. Бұдан 23 бала зардап шеккен деп хабарлайды Рамблер сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қытайда бала тәрбиешісі балақайларды қасақана улаған

Фото: golos.ua

Оқиға дүйсенбі күні қалалық Цзяоцзо округінде орын алған деп хабарлануда.

Жүрегі айнып, естен танып қалған тәрбиеленушілер ауруханаға жатқызылды.

Уланудың белгілері тамақтанғанан кейін біліне бастаған. Жалпы алғанда 23 бүлдіршін уланып қалған.

Жергілікті билік тәрбиешінің тамаққа азот қышқылды тұз қосқанын айтқан. Полиция оқытушыны тұтқындаған.

Оның не себепті мұндай қадамға барғаны әлі хабарланбады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
6
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel