Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айсұлтан Сейітов Қазақстанның ең әсем жерлерін күллі әлемге паш етті (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал режиссер Айсұлтан Сейітов Қазақстан жайлы ерекше видео түсірді. Желіге жарияланған бейнежазба бірден халықтың қошеметіне ие болған. Еліміздің ең әсем жерлерін барынша қамтуға тырысқан жас дарынның туындысы көпшіліктің көңілінен шыққан көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram, Скриншот видео. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram, Скриншот видео. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әлемдік жұлдыздарға бейнебаян түсіріп жүрген қазақстандық режиссер өз еліне ерекше тарту жасап, барша отандастарын қуантқан.

Айсұлтан Сейітов Қазақстанның ең көрікті жерлерінің көрінісін қазақи нақыштағы рухты әуенмен толықтырған.

Айта кетерлігі, видеода басты кейіпкерлер ретінде әлемге "#Followmeto" жобасын сыйлаған танымал жұп Мурад және Наташа Осман бой көрсетті. Жер шарын шарлап, өз саяхаттарымен көпшілікпен бөлісетін жұбайлар Қазақстанға ат басын бұруына отандық режиссер себепкер болған.

Айсұлтан Сейітов өзімен бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан жұпқа еліміздің ең әсем әрі тарихи жерлерін көрсеткен.

"Мен Қазақстанның әдемілігіне тағы да бір мәрте тәнті болдым. Мен бұл жобамен және өз елімді қалың көпшілікке танытқанымды мақтан тұтамын. Бұл қазіргі таңда мен үшін аса ерекше. Себебі, басқа елде тұрып жатқандықтан, туған жеріңе деген сағыныш арта түседі. Бұл видеоны әлем бойынша барынша көп адам тамашаласа деймін" , - деп ағынан жарылды Сейітов.

Анықталғандай, түсірілім мемлекет пен жергілікті ұйымдардың көмегінсіз, режиссердің командасымен жүзеге асқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1786728-ajsltan-sejitov-kazakstanny-e-sem-zerlerin-klli-lemge-pas-etti-video/

pixel