RU
Күйеуіңізден нені талап етудің қажеті жоқ?

Күйеуіңізден нені талап етудің қажеті жоқ?

Рассказать Вконтакте

Әйел адам күйеуін тұлға ретінде көре бермейді. Сол себепті ерлі-зайыптылардың арасында ажырасуға дейін апаратын үлкен даулар пайда болады. Жанжалдың алдын алу үшін арнайы ережелерге мән беру керек деп жазады. Ол қандай қағидалар екенін Рамблер сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ ұсынады.

Күйеуіңізден нені талап етудің қажеті жоқ екенін білесіз бе?

Фото: womenonbusiness.com

Өзіңіз бен анасының арасында таңдау жасауға мәжбүрлемеңіз

Енеңізбен дұрыс қарым-қатынас орната алмаған болсаңыз, оған күйеуіңізді араластырмаңыз. Ұсақ жанжалдардың соңы үлкен дауға ұласып, ажырасумен аяқталуы мүмкін. Себебі, ер адам көп жағдайда анасын қолдайды.

Күйеуіңіз сіздің құрбыңыз емес

Әрине, өміріңіздің қиын-қыстау кезінде ол сізді барынша қолдап, жаныңызда болуы керек. Бірақ, күйеуіңізді өсекшіге айналдырмаңыз. Ер азаматтар бос сөйлегенді ұната бермейді. Өткен-кеткенді еске алғыңыз келсе, одан да ескі құрбыңызға хабарласқан жөн.

Басқа әйелдерге қарауға тыйым салмаңыз

Психологтардың айтуынша әйелдердің ер адамдарға, ал ер адамдардың әйелдерге көз қырын салуы - қалыпты жағдай. Тек күйеуіңіз өзге әйелдермен танысып, нөмірін сұрап, ерсі қылықтарын байқағанда істі қолға алыңыз.

Ол сіз үшін өз қызығушылықтарынан бас тартпайды

Күйеуіңіз достарымен уақыт өткізгісі келсе, ол отбасынан шаршады деген сөз емес. Оған тек достарымен уақыт өткізіп, бақыт сезімін жиірек сезініп тұру маңызды.

Адамды өзгерту - сәтсіздікке әкеп соғады

Әңгіме ессіздік секілді маңызды мәселе жайында болмаса, жұбайыңызға кішігірім олқылықтарды кешіруге болады. Бәлкім ол сіз қалағандай кесте бойынша өмір сүре алмайтын шығар. Дегенмен кезінде сізді оның бойындағы кенеттен шешім қабылдау секілді қасиеті тартқан болар. Одан да сүйіктіңіздің жақсы қасиеттеріне көңіл бөліңіз.

Ол сіз маңызды деп тапқан күндердің бәрін жатқа білмеуі мүмкін

Ер адамның құрылымы басқаша. Сондықтан оның миы барлық ақпаратты сіздікі секілді қабылдамауы мүмкін. Оның қашан сізді тағдарым деп түсінгенін сұраудың қажеті шамалы. Себебі оны еске түсіру үшін күйеуіңізге біраз күш керек болады.

Жұбайыңыз сіздің қызығушылықтарыңызға қызықпауы мүмкін

Әрине, ол сіздің сүйікті актеріңіз ойнайтын фильмді көру үшін кинотеатрға бірге баруы мүмкін. Бірақ содан кейін актердің өмірбаянын айтып, күйеуіңіздің құлақ етін жеудің қажеті шамалы. Оның таңдау құқығы бар.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel